20.05.2020 14:58, arinochkakor1

Айтыскер ақындар айтқан мәселелерді анықтап баға беріңіз
Құлмамбет
Жамбыл Алғашқы сөзді Құлманбет бастайды. Айтыстың негізгі мазмұны: Құлманбет Албан. Дулат руы атынан, ал Жамбыл Шапырашты руы атынан айтысқа шыққан. Алғашқы сөзді Құлманбет былай бастап өзін таныстырады:

Құлманбет – менің атым, құлан аян,
Менің құлан екенім тәңірге аян.
Жамбыл деген бар – дейді бір немесі,
Ақын болса, ол неме қайда жатыр? – деп
Құлманбет дүлділ Жамбылға тиіседі.
Жамбыл деген бар – дейді бір немесі,
Ақын болса, ол неме қайда жатыр? – деп Құлманбет дүлділ Жамбылға тиіседі.
Ақын – деп елі ардақтайды, кәне көрейін, ол «немені» - деп килігеді. Жамбылға кісі жіберіп, айтысуға шақыртып алады. Жамбыл келген соң бірінші айтқан жыр шумағы:

Болғанда жол ағадан, тон жағадан,
Арлан бөрі соғады тау сағадан.
Бас қосып бағландармен қалмақ үшін, -
Ізденіп келіп тұрмын Қарқарадан – дейді Жамбыл.
Тіпті Құлманбет Жәкеңе «сәлемің мен аманың жоқ, үлгілі орта, тәрбие көрмеген «надан» деген сөгіс айтыды. Осы жерде омақасып орға түсіп, жеңілер жерің – деп екпіндейді. Айтулы Жәкеңді ақын емес, жай көп өлеңшінің бірісің – деп намысына тиеді. Тіпті Құлманбет былай деп ақындық шабыт шақырады:

Албан аға болғанда, Дулат іні,
Сөзінде Құлманбеттің барма міні.
Албан, Дулат бәрі кеп айқай салса,
Шапыраштының не болар көрген күні?!
Қасқарау Нұрқанның жылқысын қаптатсам,
Шапырашты, сенің бұзау, танаң қырылады – деп қыр көрсетеді Құлманбет. Төрт түлік мал өргізген Көбікбай, Қарабай, Сатыбалды, Қанай есімді байларын атайды. Тіпті «алма таратқан кісіге ат берген» Тілеу – қабыл Үсенбайдай игі жақсыларын атайды. Осындай бай – бағыланың бар ма – деп Жамбылға дөң айбатын үдете түседі Құлманбет.
Жамбыл Құлманбетке алғашқы қақтығыста – ақ былай дейді:

Сөйлесем өдеңімді түптен бермен,
Құйылар сөз нөсері көктен, жерден.
Мылтықта түтеп тұрған мен бір пыстан.
Осы бір шумақ жыр жолының өзінен – ақ Жамбылдың теңдесі жоқ сөз зергері, айтыс ақыны айқын байқалады. Шабыты шалқар Жамбыл Құлманбетке: «Ажалыңа асықпай кел!» - деп сөзбен іліп тастайды. Мына тірлікте ажалға кім асықпай барған?! Осы бір сөздің өзі Жамбылдың кемел айтыс ақыны екенін бұлтартпай дәлелдейді.

Ерлігім ерлігіңе дөп келеді,
Байлығыңа байлығым еп келеді.
Кісіні дым білмейтін тапқандай – ақ,
Есіріп көрген жерден ентеледің? – деп Жамбыл Құлманбетке бір қайталанбас сөз «самалын» селдетеді. Біздің елдің жылқысын аралап шығу үшін жараулы атпен он күн жол жүресің – дейді Жамбыл Құлманбетке. Жамбыл «надан, неме» деген намысқа тиер сөздеріне «таз» Құлманбет, қу, пәлекет! – жұрт алдында орынды жауап береді.
Айтыс үстінде Жамбыл мен Құлманбет ұзын – ырғасы 10 рет сөз қақтығысына түседі. Жамбыл еліне қорған, халқына қамқор болған Қарасай, Саурық, Сұраншы, Өтеген, Сыпатай атты батырларын айтып, кісілікті, адамдықты жырлайды. Жамбылдың ұлылығы да осында жатыр. Халық – құдайдың бір аты. Халқы бардың қамы болған Халық – тарихтың қозғаушы, шешуші күші, айтулы тетік, түйіні. Осыны айқын түсінген ұлы Жамбыл Құлманбетпен айтысында:

Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,
Оны мақтап, әуре болмай, жөніңе қайт!
деген осынау бір шумақ жыр жолдары аталған айтыстың негізгі түйіні, қорытындысы, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болды. Құлманбет – белгілі айтыс ақыны. Ол кезінде Түбек Жанақ, Майкөт, Жамбыл, Бақтыбай секілді ақылдармен сөз айтысына түскен, айтулы сөз зергерлерінің бірінен саналады. Құлманбет Жамбылмен айтысында Албан, Дулаттың төрт күлікті тең өсірген байлық иелерін тілі жеткенше сыйпаттайды. Десе де олардың еңбекші елге жасап жатқан игілікті істерін, кісілігін, батырлығын, елдігін ынтымағын жеріне жеткізе айта алмайды. Байлық – игілікке, кісілікке қызмет етпей тұр. Елдің ынтымағы ұйыған сүттей болмай тұр. Оған ұйытқы болатын ел! – деп туған ерлер еңбегі жырланбай жатыр. Бұл айтыстағы негізгі тақырып, басты мәселе болатын. Жамбыл Құлманбетпен айтысында ел ынтымағын, жұрт бірлігін негізгі нысаны етіп, елге қамқор болған ерлерді үлгі етеді. Сөйтіп салиқалы сөз салмақты ой айтып Құлманбетті жеңеді.

Всего ответов: 3

Похожие вопросы:

Иконка предмета
Қазақ тiлi, 14.03.2019 00:50
Сочинение на казахском языке-мой город актау, или просто мой город не упоминая какой именно)пасиб заранее
Ответов: 2
Иконка предмета
Қазақ тiлi, 17.03.2019 08:22
Суреттердегі ұлттық әшекей бұйымдары қалай аталады? оларды кім тағады? ​
Ответов: 1
Иконка предмета
Қазақ тiлi, 17.03.2019 14:20
Найдите 10 или 5 пословиц про осень на казахском языке
Ответов: 3
Иконка предмета
Қазақ тiлi, 18.03.2019 01:50
Реферат на два а4 листа на каз. яз. тема мой город
Ответов: 2
Иконка предмета
Қазақ тiлi, 28.03.2019 04:50
Сочинение на тему ; қазақ ұлттық киімдері
Ответов: 1
Иконка предмета
Қазақ тiлi, 03.04.2019 14:05
4-тапсырма ответить на вопросы! ​
Ответов: 3
Иконка предмета
Қазақ тiлi, 09.04.2019 13:25
Лы сөзінің синонимдерін пайдаланып диаграмманы толтыр​
Ответов: 2
Иконка предмета
Қазақ тiлi, 10.04.2019 19:06
Матіндегі сан есімдерді созбен жаз. оларды қатыстырып сөйлем құра
Ответов: 2
Иконка предмета
Қазақ тiлi, 14.04.2019 09:05
Стих про осень на казахском языке 7 предложений
Ответов: 2
Иконка предмета
Қазақ тiлi, 15.04.2019 15:12
Сделать к сегодняшнему дню прямо сейчас умоляю вас составить диалог и тонкие и толстые вопросы с полными ответами ​
Ответов: 3
Иконка предмета
Қазақ тiлi, 15.04.2019 18:42
Монолог на тему абай кунанбаев​
Ответов: 2
Иконка предмета
Қазақ тiлi, 17.04.2019 16:01
Мәтінді пайдаланып, досың мен диалог құр.- ,сен "алтыннемел" ұлттық саябағы туралы не білдіңе? -"алтынемел" саябағы туралы көп білдім..--
Ответов: 2

Вопросы по другим предметам:

Категория
Окружающий мир, 11.01.2021 19:21
Категория
Алгебра, 11.01.2021 19:21
Категория
Қазақ тiлi, 11.01.2021 19:21
Категория
Физика, 11.01.2021 19:21
Категория
Физика, 11.01.2021 19:21
Категория
Английский язык, 11.01.2021 19:21
Популярные вопросы
Вопросов на сайте: 18557543